Аудан әкімі Ернар Есіркепов Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және биылғы жоспарланған жобалар туралы айтты.

Суармалы алқаптарды кеңейту мақсатында Қарақат су каналы жаңғыртылды, Көкарық және Еңбекші ауылдарында балалар ойын алаңшалары салынды, ал көшелерге жарықтандыру жүйесі орнатылды.

Биыл Қарақат су каналын қайта жаңғыртуға 242,1 млн теңге бөлініп, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тұрғындар тарапынан мектепті күрделі жөндеу, бейіттерді қоршау, иесіз иттерді аулау және жаяу жүргіншілер жолын салу мәселелері көтеріліп, оларға заңнамаға сәйкес түсіндірмелер берілді.