
2025 жылдың 12 айында ауылдық округ бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 14 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
электронды түрде– 2 қызмет
қағаз түрінде– 12 қызмет
2025 жылы тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке Еңбекші ауылы бойынша -25азамат,
Көкарық ауылы бойынша- 12 азамат кезекке тұрды.
2025 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген және мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Абай ауылдық округі әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін Абай ауылдық округ әкімдігі ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде.
Сонымен қатар, Абай ауылдық округінің Абай кітапханасында өзіне-өзі қызмет көрсету «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар» ашылып, ағымдағы жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 523 қызмет көрсетілді. Аталған орталықта жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің 26 түрімен кедергісіз қамтылуда.
Ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жыл бойында 9 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) оған 362 халық қамтылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық материалдар Абай ауылдық округі әкімдігінің ресми парақшасында әртүрлі тақырыптарда 3 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.