Сөзі алтын хәкім Абай

Сөзі  алтын  хәкім Абай

Абай  ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен  Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінде, Ұлы ойшыл әрі ақын әдеби  тілінің негізін қалаушы  Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Сөзі  алтын  хәкім Абай» атты мәнерлеп  оқуы  өткізілді.

Оқушылар Ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбаевтың  өлеңдерін мен қара сөздерін  жатқа айтып, ақынның бір өлеңінен  сурет салып өз ойларын ортаға салды.

Мақсаты: Оқушыларды  ұлы кемеңгер  ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның  өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы  адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққы,құштарлыққа, адалдыққа баулу.