Биыл қазақтың саз әлеміне өшпес із, өлмес мұра қалдырған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына – 95 жыл. Халықты ән бесігіне тербеген дара дарынның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Вальс королі атанып кеткен сазгердің 300-ден аса әні бар. Соның ішінде «Арыс жағасында», «Сыған серенадасы», «Кешікпей келем деп ең» сынды әндері ел арасында кең тараған.
Шәмші Қалдаяқовтың әндері – халық жан дүниесінің бейнесі. Әр нотасында жүректі тербейтін сыр, даланың кеңдігі, жастықтың жалынды жыры жатыр. Арыс жағасын жағалап, Сыр сұлуына сапар шеккен ұлы композитордың әндерін жас та, жасамыс та жатқа біледі, жадында сақтаған.
Бүгін Абай ауылдық округіндегі мәдени іс-шара ұйымдастырушысы А.Жолдасбаеваның бастамасымен, аудандық мәдениет үйінің өнерлі қырандарымен ауылдық әкімшілікте «Әнім сен едің!» атты концерттік бағдарлама болды. Бағдарламаға қатысқан ауыл қариялары мен тұрғындары бірге ән шырқап, өнер тамашалап, көңілді күймен қайтты.