Мемлекеттік қызмет жауапкершілігі

Мемлекеттік қызмет жауапкершілігі

Кез келген қоғамды дамытуға қажетті сұраныстардың қатарына мемлекеттік қызметшілерде кіреді.
«Мемлекет өркендеп, таза дамуы үшін, барлық шенеунік таза болуы тиіс, бұл қызметте олар үлкен қиыншылықтарды көруі мүмкін алайда, мемлекет мүддесі бәрінен жоғары тұруы қажет» деген екен Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций.
Бұл нені білдіреді? Мемлекеттік қызметкердің өзіне жүктелген лауазымды атқаруында ар-ождан тазалығы, қызмет міндетіне деген жауакершілігі, қиыннан жол тауып шығар алғырлығы, мінез байлылығы деген ең қажетті ұстанымдарды ұштастыра білуі дер едім.
Жеке ар-ожданмен әдептілікті қай кезде болмасын ұйыстыра ұстауда оңай шаруа емес.
Бізге әлі де болса, мемлекеттік қызметкерге деген заң, қоғам талабын жетілдіру керек деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған кез-келген тұлғалардың әсіресе, жеке жас азаматтардың білімінен бөлек, ар-ождан тазалығымен әдептілігін, жеке парасатын таразылайтын тетіктерді бұданда күшейте түсу қажет сияқты. Өйткені жастар еліміздің болашағы. Қоғамымыздың алдағы уақытта қалай дамитындығының қайнар көзі.
Мемлекеттік қызметке қабылданған әрбір жас азамат «қалай пайда табам деп емес» мен «мемлекеттік қызметкермін», «мен еліме, қызметіме қандай пайда әкелемін» деген ұстанымда болса, сыбайластықпен жемқорлықтың, көзбояушылықтың азайып, еліміздің өнегелі өсіп-өркендеуіне қосар үлкен үлес болар еді.
Мұратбек Арыстанбек