Абай ауылдық округінің әкімін сайлау өтті

Абай ауылдық округінің әкімін сайлау өтті

2025 жылдың 18 мамыры күні ауылымызда өткен Абай ауылдық округінің әкімін сайлаудың нәтижесі бойынша, Абай ауылдық округінің әкімі болып Арыстанбек Мұратбек Дакенұлы сайланды. 2025 жылдың 19 мамыр күні Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы Е.Құралбаев және аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тілепов жаңа сайланған  ауыл әкімін ауыл азаматтарына таныстыру рәсімін өткізіп, М.Арыстанбекке ауыл әкімі куәлігін тапсырды. Ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Өтепбаев жаңа сайланған ауыл әкімін құттықтап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.