
Ағымдағы жылдың 06 ақпанында бөлімнің бас маманы А.А. Сүлейменова азаматтарды қабылдады. Іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік мекеме қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болды. Қабылдау барысында кеңес алуға 4 адам жүгінді. Барлық жүгінушілерге өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, заңнамаға түсініктемелер берілді. Мұндай кездесулерді өткізу азаматтардың билік институттарына деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.