«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру» Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 28 мамырында «ДЕМЕУ» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» жеке коммерциялық емес мекемесінің психологтары – Л. А. Трошина және Р. С. Баймухаметова Жамбыл ауданының пробация қызметінің есебіне алынғандармен «Отбасылық құндылықтар және қолайсыз балалық шақтың әсері» тақырыптық іс-шара өткізді.
Кездесудің мақсаты – қатысушыларға отбасының әрбір адам өміріндегі маңыздылығын түсінуге көмектесу, сонымен қатар ересек жастағы тұлғаның қалыптасуына және мінез-құлық үлгілерінің қалыптасуына дисфункциялық балалық шақтың әсерін талқылау.
Әңгімелесу барысында қатысушылар жеке тәжірибелерімен ашық бөлісті, өткені туралы ой қозғады және балалық шағында көрген жарақаттары мен қиындықтарына қарамастан бүгіні мен болашағын қалай өзгертуге болатынын талқылады.
Мамандар отбасылық дисфункцияның психологиялық салдары туралы айтып, салауатты тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру және ішкі қолдауды нығайту бойынша ұсыныстар берді.
Мұндай кездесулер тіркеуде тұрғандарға өмір жолын қайта ойластыруға ғана емес, сонымен қатар тұрақты және жауапты болашақты құруға қадам жасауға көмектеседі.