22 наурыз күні Пресновка ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.

22 наурыз күні Пресновка ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.

22 наурыз күні Пресновка ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік іс-шара ауыл тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырып, бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың жарқын көрінісіне айналды. Ауылдың орталық алаңында ұйымдастырылған мәдени бағдарлама аясында өнерпаздар ұлттық әндер шырқап, би билеп, түрлі ойын-сауық шаралары өткізілді.
Сонымен қатар, мерекелік сауда ұйымдастырылып, қонақтарға алуан түрлі тағамдар ұсынылды. Атап айтқанда, хош иісті палау, ет тағамдары, кәуаптар және басқа да ұлттық ас түрлері халыққа ұсынылып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салт-дәстүрлерді насихаттауға және тұрғындар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға өз үлесін қосты. Пресновка ауылында өткен Наурыз мерекесі – жаңару мен игіліктің, береке мен бірліктің символы ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.