
Бүгін, 23 сәуірде, Экономика және қаржы бөлімінің ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыс ғимаратымызға іргелес аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Біздің ұжым бір кісідей атсалысып:
* ауланы қоқыстан тазартты;
* көгалдарды өткен жылғы шөп пен жапырақтардан арылтты;
* ғимарат маңын ретке келтірді.
«Таза бейсенбі» — бұл туған өлкемізге деген сүйіспеншілігімізді іспен көрсетуге және ауданымызды абаттандыруға үлес қосуға арналған тамаша мүмкіндік. Бірге біз ауылымызды көркейтіп, таза әрі жайлы етеміз!