2025 жылғы 19 тамызда ZOOM платформасында онлайн-вебинар форматында Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының бюджеттік ұйымдарының мамандарына арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға Жамбыл ауданының мамандары қатысты.
Вебинар аясында келесі тақырыптар қарастырылды:
- бюджеттік өтінімдер жасау;
- шығындарды нақтылау және түзету;
- стандартты және жиынтық есептерді қалыптастыру;
- "Мекеме БПиФ" бағдарламасындағы өзекті өзгерістер;
- жоспарлы кезеңге арналған лимиттерге дайындық.
Қатысушылар жүйедегі іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктемелер, сондай-ақ жоспарлау және есеп беру процесінде туындайтын практикалық сұрақтарға жауаптар алды.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтамыз.