Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 406 483,6 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 059 980 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 37 280 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16 500 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3 292 718,3 мың теңге;
2) шығындар – 4 479 764,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 33 533 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 74 708 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 41 175 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 106 814,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 106 814,1 мың теңге:
қарыздар түсімі – 74 708 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 41 175 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 73 281,1 мың теңге.».
8-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданданының коммуналдық меншігінде орналасқан жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова