Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен және Қазақстан Халқы Ассамблеясына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел бірлігінің, бейбітшілік пен татулықтың жарқын көрінісі, сан түрлі ұлт пен ұлысты бауырлас қылған берекелі мереке. Бұл күн – ортақ Отанымыздың тағдырына жауапты екенімізді сезінетін, ел ішіндегі ынтымақ пен келісімді нығайтатын ерекше күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Бірлік – еліміздің баға жетпес байлығы. Әртүрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі – халқымыздың кемелділігін көрсетеді» – деп атап өтті. Бұл – баршамызға бағыт беретін, ортақ мақсат жолында жұмыла жұмыс істеуге үндейтін терең мағыналы ой.
Біздің аудан – көпұлтты жұртшылық мекені. Түрлі этнос өкілдері бір-біріне құрметпен қарап, достық пен келісімді берік сақтап келеді. Бұл – ауданымыздың басты құндылығы.
Осы бірлік пен өзара түсіністіктің арқасында біз талай сын-қатерлерден сүрінбей өттік, дамуға бет алдық. Ендігі міндетіміз – осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттау.
Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, елімізге бейбіт өмір тілеймін! Ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның мәртебесі асқақтай берсін! Мереке құтты болсын!