Аудан әкімінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы.

Аудан әкімінің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы.

Құрметті Мойынқұмдықтар!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына бөленген 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел егемендігімен қатар жаңа сипатқа ие болған бұл мерекенің жылдан жылға өзіндік берік дәстүрі қалыптасуда.
Мемлекетіміздегі бірлік мерекесінің басты идеясы елімізді құт мекеніне айналдырған ұлттар мен ұлыстарға, олардың мәдениеті мен тіліне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсету.

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының және бейбітшіліктің символы болып табылады.
Қазақстанда мекен еткен әр ұлттың татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы деп білемін.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халықтар бірлігі мерекесі ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған.
Қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Баршаларыңызға, әр отбасына шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мойынқұм ауданының әкімі Ә.Балқыбеков