Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» атты 8 сәуір – 11 мамыр аралығында 5 апталық республикалық экологиялық акциясы Мойынқұм ауданында да қарқынды өтуде.
Аталған акцияның 29 сәуір – 5 мамыр арлығында жоспарланған 4-ші апта «Өнегелі ұрпақ» акция апталығы аясында 29 сәуір апталықтың алғашқы күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының мектеп Парламенті мен Жас ұлан ұйымы оқушылары Мойынқұм ауылындағы 1 жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі қарияның ауласына «Таза аула» акциясы аясында сенбілік жұмыстарын жүргізді. «Өнегелі ұрпақ» апталығына Мойынқұм ауданы бойынша барлық ауылдарда іс шаралар жоспарланып ақция аясында жұмыстар Мойынқұм ауданы тарапынан өз жалғасын таба беретін болады.