ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!
Сіздерді бүгінгі 1-наурыз бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күнімен құттықтаймын.
Жыл сайын 1 наурызда бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні аталып өтеді. Атаулы дата 1992 жылы Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен белгіленді. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу кез келген мемлекеттің басты функцияларының бірі деуге болады. Азаматтық қорғаныс мемлекеттің қауіпсіздігін қалыптастыруға елеулі үлесін қосады.
Азаматтық қорғаныс құрылымдарының қызметі мен міндеттеріне тек соғыс жағдайында ғана емес, бейбіт өмірде де халқымызды табиғи және техногенді аппатардан қорғау бойынша жұмыстар атқарып, адам өміріне араша болып жүреді.
Аудандық азаматтық қорғаныс құрылымына жататын қызметтердің жеке құрамын азаматтық қорғаныс күнімен құттықтай отырып отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс, бейбіт күндегі қайсар қызметтеріңізде құрметке ие болып жүре берулеріңізге тілектеспін.