2023 жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсаны аралығында Елімізде ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылуда
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.
Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.
Осыған орай бүгін Мойынқұм ауданы Хантау станциясына жоспарға сәйкес келіп тоқтаған "Саламатты Қазақстан денсаулық поездын Мойынқұм ауданы әкімі Ә. Балқыбеков Хантау ауылының тұрғындарымен бірге күтіп алып жұмыстарына сәттілік тіледі.
Поезд Хантау станциясында 22-23 қараша күндері халықты қабылдаса, 24-25 қараша күндері Шығанақ станциясында, 26-27 күндері Мыңарал станциясы халқын қабылдайды.