Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауына дайындық шаралары бойынша жиын өткізілді.

 Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауына дайындық шаралары бойынша жиын өткізілді.

 Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттатарының кезектен тыс сайлауына дайындық шаралары бойынша жиын өткізілді. Оған Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Қабылбекқызы, Аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірхан Берікұлы, Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Қалхаманұлы, сондай-ақ прокуратура, ішкі саясат бөлімі, полиция органдары, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, БАҚ өкілдері, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төраға, төрайымдары мен комиссия мүшелері қатысты.
Жиынды облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде наурыз айында өтетін сайлаудың ерекшелігі, өту барысы және маңызына кеңінен тоқталды.
Әрі қарай сөз кезегін алған облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Талғат Салқанұлы Жамалов сайлау науқаны бес кезеңнен тұратынын айтып, кезеңдерге жеке-жеке түсініктеме берді. Одан бөлек, мәслихат депутаттығына үміткерлерге қойылатын талаптар мен қағидаларға кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, жиында сөз алған облыстық сайлау комиссиясының мүшелері Мейіржан Ермекбайұлы Сембеков сайлау процессін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру және Сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерді, коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы баяндады.
Жиын соңында аудандық, округтік, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, сұрақтарына нақты жауап ала алды.
Семинарды Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Қабылбекқызы қорытындылады.