Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданында 2022 жылғы 28 тамызға Қылышбай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын:
2. 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.

 


Комиссия төрағасы С.Садуакасов