АҚСҮЙЕК АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫ

АҚСҮЙЕК АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫСЫ


2022 жылғы 24 шілдеде Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 341 азамат енгізілді, оның ішінде 245 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алтамашев Д.Б.– 42; Жунусов Г.С– 167; Жасузакова С.А. – 24; Ақсүйек ауылының әкімі болып Жунусов Гани Спартакулы сайланды, 1979 жылы туылған, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімі аппаратының су ғимаратының күзетшісі, Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған. Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2022 жылғы 24 шілдеде сайланған Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылының әкімін тіркеді.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы