Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданында 2022 жылғы 24 шілдеге Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын:
2. 2022 жылғы 24 шілдеге тағайындалған Мойынқұм ауданы Ақсүйек ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.