Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында қой өсірудің даңқты шебері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жасқа толған мерейтойы аталып өтті. Мерейтойдың басы Т.Рысқұлов ауданынан бастау алып Мойынқұм ауданында жалғасты. 

         Облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібай, аудан әкімі Әлихан Балқыбеков, ауданның Құрметті азаматтары және Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан келген зиялы қауым өкілдері «Жаз – ата» саябағына жиналып, Жаз-ата ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін аудандық Ж.Қуанышбаев атындағы мұражайда болып, онда атаның өмір жолымен қолданған заттарымен танысты. Содан соң олар аудандық Мәдениет үйінің фойесінде орналасқан кітап, қол өнер және сурет көрмелерін тамашалады.  

        Салтанатты жиынды ашқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы құттықтау сөзін сөйледі. «Мойынқұм елінде болашақ үшін еселі еңбек еткен дара да дана тұлғалар аз емес. Сондай жандардың бірі әрі бірегейі – бүгінгі 125 жылдық мерейтойы өтіп жатқан атақты жерлесіміз, даңқты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевты ұлықтау біздің парызымыз, -деді. Бұдан кейін аудан әкімі Әлихан Балқыбеков жиналған қауымды Жаз-атаның 125 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

      -Биыл мойынқұмдықтар үшін ерекше есте қаларлықтай жыл. Себебі, еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуымен қатар даңқты жерлесіміз, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «Малшылардың маршалы», «Дала академигі» атанған шопан ата Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мойынқұм халқына бұл екі атаулы күн де үлкен той десек артық айтқандық емес.

               Ауданымыз өркендеп, көркейе берсін-деді, аудан басшысы Әлихан Әбләшұлы өз сөзінде. Бұдан кейін мерейтойға арнайы жасалынған естелік медальдармен бірқатар азаматтар марапатталды. Бұдан кейін концерттік бағдарлама болды. Жиын барысында «Қазақтың қара шалы» фильмі көрермен назарына ұсынылды. Түс қайта аудандық № 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерей тойына арналған ұлттық спорт түрлерінен спартакиада болып өтті. Жаз-Атаның 125 жылдығына арналған қазақ күресінен республикалық турниріне іріктеу жалғасуда.