Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен ауданда болды   

Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен ауданда болды    

 

Өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Дәулет Рүстем Рысбайұлы жұмыс сапарымен ауданда болды.Алдымен облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Бауыржан Момышұлы атындағы орталық стадионды күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Онда мердігерлермен тілдесіп, мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін бақылау басты назарда болатынын жеткізіп, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қажымұқан көшесіндегі 2 пәтерлі төрт тұрғын үйдің жұмыстарымен танысты.Онда да мердігерлермен кездесіп, ертерек қолданысқа беруін тапсырды. Аталмыш насанда тек жарық сымдарын қосу мен асфальт төсеу жұмыстары қалған.   

Әрі қарай облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы жұмыс сапарын Жамбыл ауылдық округіндегі ауылдық клубтың күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.Мұнда мердігерлермен кездесіп нысанның техникалық, сызбалық жұмыстарын көрді.Өз кезегінде Рүстем Рысбайұлы бұл нысандар бақылауда болатынын жеткізді.

Сонымен қатар Рүстем Рысбайұлы Бірлік ауылдық округіндегі «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорттық- сауықтыру кешенін жұмыстарымен танысты. Ауылдағы Спорттық сауықтыру кешенін «Тараз Инвест Құрылыс» ЖШС-і 248, 2 млн теңгеге жеңіп алғанымен, аталған жұмысты қосалқы мердігер (субподрядчик) ретінде «Асау-Инвест Н и К» ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстары шілде айында басталса, жұмысқа 26 адам тартылып, оның 5 жергілікті тұрғындар. 

Мұнда облыс әкімінің орынбасары Рүстем Рысбайұлы кеткен кемшіліктерді атап, мердігерлердің жұмысына көңілі толмады.Сондай-ақ сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, насанды толық бақылауға алуға шақырды.Сапар соңын облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет Хантау ауылындағы балабақшаның жөндеу жұмыстарымен танысумен аяқатады.Аталмыш нысанда жөндеу жұмыстары аяқталғанымен, толық қабылданбаған. Бұл бойынша аудан әкімі Әлихан Балқыбеков пен аудан әкімінің орынбасары Сәбит Төлегеновтер толықтай түсіндіріп өтті.