Биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл. Тарихи дата. 1991 жылғы 29 тамызда Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың шешімімен "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" № 409 жарлығына қол қойылған болатын. Полигондағы сынақтар 1949 жылдан 1989 жылға дейін жалғасқан. Семей ядролық сынақ алаңы жабылуының 30 жылдығына орай аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен полигонға қатысушылар туралы жастар қоғамы мен бұқаралық ақпарат қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Семей ядролық полигонның зардабын алған аудан азаматтарына мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақы мен ядролық сынақтарының зардаптары туралы айтылды. Сонымен қатар аудандық кітапхана қызметкерлерінің Семей ядролық полигонының тарихи мәліметтері туралы деректі фильм көрсетілімі қойылып, кітап қоры жинағы таныстырылды. Бөлім қызметкерлері жастар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.
Жалпы кездесу барысында санитарлық талаптар толығымен сақталды.