Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу үшін құрылған ақпараттық-ағартушылық штабтың жұмысы жалғасын табуда.

Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу үшін құрылған ақпараттық-ағартушылық штабтың жұмысы жалғасын табуда.

Мойынқұм ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу үшін құрылған ақпараттық-ағартушылық штабтың жұмысы жалғасын табуда. Жылдық жоспарға сәйкес кезекті жиын Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен өткізілді. Іс-шараны аудан әкімдігінің жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі Л.Қасымхан жүргізіп, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және пайда болуын ескерту туралы баяндалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын қоғамда кеңінен насихаттау тапсырылды. Аудан аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімді жағдай жасау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында ашылған ашық әкімдіктер мен "Өзіне-өзі қызмет көрсету" бұрышының жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы ақпаратқа қол жеткізіліп, сұрақтарға жауап беріліп, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы пікір мен құқықтық сананы қалыптастыру туралы баяндалды және "Пара берсең, жазаланасың!" тақырыбында үн-парақтар таратылды.