“Ауыл ел бесігі” бағдарламасы бойынша
Бағдарлама аясында 2021 жылға ұсынылған жобалар бойынша жалпы сомасы 940 378,0 мың теңгені құрайтын 8 жоба қолдау тапты.
Бұл жобалар спорт, мәдениет және ауылішілік жолдарды орташа жөндеу бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде:
· Бірлік ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені құрылысы.
Жобалық құны 322 308,0 мың теңге. Бұл жоба бойынша мердігер анықталып, келісім-шартқа қол қойылды. Қазіргі уақытта аудандық қазынашылық басқармасынан тіркеуден өткен жоқ. Себебі, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы ауыстыруға байланысты техникалық ақауларға сәйкес мемлекеттік сатып алу порталында тексеруден өтуде.
· Мойынқұм ауылындағы орталық стадионды қайта жаңғырту.
Жобалық құны 204 681,0 мың теңге. Жоба мемлекеттік сатып алу порталына салынып, мердігері анықталды. Бүгінгі күнге жұмыстар басталған жоқ.
· Жамбыл ауылындағы мәдени клубты күрделі жөндеу.
Жобалық құны 46 759,0 мың теңге. Жобаның мемлекеттік сатып алу порталынан жеңімпазы анықталды. Алайда, басқа да мердігерлердің шағым келтіруіне байланысты ішкі аудит қызметінің қарауында тұр.
· Мыңарал ауылындағы жалпы ұзындығы 5,6 шақырымды
құрайтын 2 көшені орташа жөндеу. Жобалық құны 118 797,0 мың теңге. Жобаның мемлекеттік сатып алу порталынан жеңімпазы анықталып, келісім-шарттар жасалынды. Қазіргі уақытта асфальт жол жабындысының материалдары дайындалуда. Жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатын болады деп күтілуде.
· Бірлік ауылындағы жалпы ұзындығы 7,6 шақырымды
құрайтын 10 көшені орташа жөндеу. Жобалық құны 192 149,0 мың теңге (3 жоба). Жобаның мемлекеттік сатып алу порталынан жеңімпазы анықталып, келісім-шарттар жасалынды. Қазіргі уақытта асфальт жол жабындысының материалдары дайындалуда. Жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатын болады деп күтілуде.
· Биназар ауылындағы жалпы ұзындығы 2,0 шақырымды
құрайтын 3 көшені орташа жөндеу. Жобалық құны 55 684,0 мың теңге. Жобаның мемлекеттік сатып алу порталынан жеңімпазы анықталып, келісім-шарттар жасалынды. Қазіргі уақытта асфальт жол жабындысының материалдары дайындалуда. Жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатын болады деп күтілуде.