Жамбыл облысының бас имамы ауданда болды

Жамбыл облысының бас имамы ауданда болды

 

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев өңірдегі діни хал-ахуалмен танысу, мешіт жағдайы, қызметкерлері, жамағаты жайлы толық мағұлматта болу, аудандардағы мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, жалпы тыныс-тіршілігін бақылау мақсатында ауданда болды.
Бейбіт Әліпбекұлы сапар барысын Ұланбел ауылдық округінен бастады. Онда ауыл тұрғдармен кездесіп, руханият, жастардың ажырасу мәселесі төңірегінде әңгіме өрбітіп, ауыл ақсақалдарының осы мәселеді шешуде алар орыны ерекше екеніне тоқталды.Сондай-ақ «Жомарт түлек» жобасы аясында ауылдағы М.Әуезов атындағы орта мектепті әр жылдары бітірген оқушылар және мекеме ұжымдары мен жекелеген азаматтар бас қосып тұрғызған Ұланбел мешітін аралап көрді.Онда жаңадан тұрғызылып жатқан қатымхананың құрлысын көріп, ауыл жастары мен тұрғындарына өз ризашылығын білдіріп, құрлыстың аяқталуына тиісті көмегін беретінін айтып қалды.
Бұдан соң бас имам аудандық орталық мешітте болып, толық аралап, жамағатпен кездесті.Онда Жамбыл облысы Һибаттула Тарази мешітінің найб имамы Бахтияр Амантайұлы жағдайы төмен 5 отбасыға ақшалай қайырымдылық көрсетті.
Сапар барысы аудандық мәдениет үйінің «Coworking» орталығында ауданға қарасты ауыл имам-молдаларымен және ауыл әкімдерімен кездесу өтті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуде Бейбіт Әліпбекұлы сапар барысындағы әсерлерімен бөлісіп, аудандағы діни ахуал, отбасылық құндылықтар, жастардың арасындағы жат ағымдар мен ажырасу, қайырымдылық жасау мен індетке байланысты іс-шаралар және мешіт мәселелеріне байланысты ашық сұхбат жүргізді.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев, Ақсүйек ауылдық округінің әкімі Е.Нұрланов құрбандық шалу, басқа діни нанымдағы ұлт өкілдеріне қайырымдылық шаралары жүргізілуі дұрыс па? деген сауалдарын қойып, асыл дінімізді насихаттап келген имамға алғыстарын білдірді.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ержан Әлімханұлы қорытындылап, руханият, дін мәселесінде аудан имамдарымен алдағы уақытта бірге жұмыс жасалатынын жеткізді.