Аудан бойынша ауыл әкімдерінің сайлауы 25 шілде күні өтеді.Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов пен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сержан Садуақасов аудандағы сайлау өтетін Ұланбел ауылындағы № 320 сайлау учаскелік бөлімде болып, ондағы сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті.
Онда кеткен кемшіліктерді түзету керектігі айтылып, індетке байланысты талаптардың орындалуын басты назарда ұстауға шақырды.
Бүгінгі таңда 4 ауылдық округі бойынша ауыл әкімдігіне 12 кандидат тіркелді. Атап айтсақ: Нұр Отан паритиясынан – 2 кандидат, Ауыл халықтық демократиялық патриоттық партиясынан – 4 кандидат, өзін-өзі ұсыну жолымен - 6 кандидат тіркелді.
4 ауылдық округі бойынша 5 сайлау учаскесі өз жұмыстарын жасауда. Жалпы аудан бойынша 4 округте сайлауға 2599 сайлаушылар қатысады. Үгіт насихат жұмыстары 14 шілде күні 18:00 ден кейін басталса, 24 шілде үнсіздік күні болып жариаланды.