"Жаман айтпай, жақсы жоқ". Бірақ, жалған айтпайық...
Кеше бірнеше телеарна, басылымдарда "Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында шөп жетпей, малдар қырылуда" деген ақпарат тарады.
Рас, биыл жауын-шашынның аздығына байланысты былтырғы жылмен салыстырғанда өңірде жем-шөп мөлшері де аз. Бірақ, шарулар мен малшыларға жетпей жатыр деген сөз емес.
Апта сайын аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев аудан, ауылдарды аралап, жем-шөп, су мәселесін жеке бақылауында ұстап, тұрғындармен, сала мамандарымен тұрақты кездесуде.
Жалпы, облыс бойынша 1млн. 700 мың шөп жинау жоспарланған, қазіргі таңда соның жартысы орылды.
Төменде Мойынқұм ауданы бойынша ақпарат пен фото:
Мойынқұм ауданы бойынша 2021 жылғы мал қыстату науқанына түсетін шарты - ауыл шаруашылығы төрт түлік мал басы 210268 бас, осы мал басына 132468 тонна мал азығы қажет.
Бүгінгі күнге аудан бойынша 57320 тонна шөп дайындалды. Шабындықтардың дайын болуына байланысты Шу алқабында шөп ору науқаны жалғасуда.
Аудан өзін шөппен 100 процент қамтамасыз ететін болады. Бұдан бөлек қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары, Шу, Қордай, Байзақ аудандары Мойынқұм ауданынан шөп дайындауда.
Қысқасы, Мойынқұм ауданында мал өлімі туралы жарияланған фактілер шындыққа жанаспайды.