
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясында
саяси партиялардың басшыларымен және БАҚ өкілдерімен
семинар-кеңес өтті
Ағымдағы жылғы 24 шілдеде 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы саяси партиялардың өкілдерімен және БАҚ өкілдерімен семинар-кеңес өткізді.
Кеңеске Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы, «Әділет» партиясы
Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов, «Ауыл» партиясы Жамбыл облысы бойынша өңірлік штабының басшысы Асхат Олжабай, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ихтияр Мурзахметов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ержан Дәуренбеков, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Ахметжаев, «Қазақстан халық партиясының» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Рахман Аккозиев, «Respublica» партиясы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Айнұр Келимбетова және БАҚ өкілдері қатысты.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов семинар-кеңесті ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Семинар-кеңестің күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Жамалов сөз алып, қазіргі сайлау науқаны кезіндегі сайлау алдындағы үгітке қатысты заңнамадағы жаңа нормалар туралы баяндады.
Атап айтқанда, енгізілген жаңалықтардың бірі - дауыс беру күні толтырылған сайлау бюллетенін фото немесе бейнетүсірілім жасауға және оны таратуға тыйым салынуы.
Сондай-ақ ағымдағы сайлау науқаны үшін арнайы дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға жол берілмейтіні атап өтілді.
«Дауыс беру күні толтырылған сайлау бюллетенінің фото немесе бейнетүсірілімін жүзеге асыруға, сондай-ақ оны таратуға тыйым салынады. Бұл норма саяси партияларды жария түрде қолдауды көрсетуге жол бермеуге бағытталған және еркін әрі жасырын дауыс беруді, сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін тең жағдайларды, сондай-ақ сайлаушылардың еркін ерік білдіруін қамтамасыз етуге арналған.
Сонымен қатар, шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру туралы талап өздерінің интернет-ресурстары мен онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын саяси партиялар мен кандидаттарға қолданылмайды. Бұдан бөлек, үгіт материалдарына қойылатын қосымша талаптар енгізілді.
Атап айтқанда, бұрыннан қолданыста болған Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде үгіт материалдарын дайындауға және жасырын үгіт материалдарын таратуға тыйым салумен қатар, енді ағымдағы сайлау науқаны үшін дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға да тыйым салынды», - деп атап өтті Талғат Жамалов.
Сондай-ақ, сайлау науқанын объективті түрде ақпараттандырудың маңыздылығына тоқталды. Ол кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға, бірдей көлемде теріске шығару хабарлары мен материалдарын тегін жариялау мүмкіндігін ұсынуға шақырды.
Талғат Жамалов «Сайлауалды үгіт жұмыстары 4 негізгі бағыттан құралады. Олар:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткiзу жолымен;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен;
4) онлайн-платформалар арқылы жүзеге асырылады.
Соның ішінде, слайдта көріп отырғандарыңыздай, пикет, митинг, шерулер мен бейбіт жиналыстарды өткізу үшін «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі екен.
Ал, осы үгіт шараларын өткізуге барынша қолайлы жағдайлар жасау міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктелгнен.
Яғни, үй-жайлар беру, олардың барлық партияларға тең мүмкіндікте берілуі қаралған.
Сонымен қатар, осы үй-жайларды БАҚ-та жариялау шарты көзделген.
Алайда, партиялар тарапынан үгіт жүргізу барысында ескеретін бір шарт бар, «Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кез келген жеке және заңды тұлғалардың ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылықтарды жасауға тиым салынған» - деп түсіндірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы да баяндама жасады. Ол басқарманың бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстары және үгіт кезеңінде ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізу жоспарлары туралы айтты.
Сонымен қатар, үгіт кезеңінде саяси партиялардың қызметін тең дәрежеде жариялаудың маңыздылығына, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын кең аудиторияға түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің өзектілігіне тоқталды.
Семинар-кеңесті қорытындылаған Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов 2026 жылғы
23 шілдедегі жағдай бойынша, Құрылтай депутаттарының мандаттарына үміткер 7 саяси партияның тізімдеріне 545 кандидат енгізілгенін, депутаттық мандаттардың жалпы саны – 145 екенін, әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қойылатын талаптарды барлық саяси партиялар сақтағанын айтты. Жалпы партиялық тізімдер бойынша аталған санаттардың жиынтық үлесі 43,9%-ды құрайды. Оның ішінде 172 - әйелдер (31,56%), 373 - ерлер.
35 жасқа дейінгі 74 кандидат бар. Орташа жас - 45,4 жас екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының отырысында өткізілген жеребе тартудың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы
23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру кезінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде мынадай ретпен орналасқанын айтып өтті:
Жеребе тарту қорытындылары Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің тиісті хаттамасымен бекітілгенін де хабарлады. Сөз соңында Серғали Айдапкелов сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес өткізудің маңыздылығына тоқталып, барлық сайлау процесіне қатысушыларды сайлау заңнамасының талаптарын сақтауға шақырды.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы