Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті

Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті

Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өтті

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының орынбасарлары мен жас сайлаушылар клубтарының төрағаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында жұмыс отырысы өткізілді.
Отырысты облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Т. Жамалов ашып, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жастардың патриоттық рухы мен біліміне сенім білдіргенін атап өтіп, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының Қызылорда облысында өткен «Жастар және сайлау» республикалық форумда жастармен кездесуі және онда айтылған бастамалары туралы ақпарат беріп, форум аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген жас сайлаушылар клубтарының мүшелері сайлау процесін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салғаны туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында өткен форумға Жамбыл облысынан қатысқан, облыстық жас сайлаушылар клубының төрағасы А. Қадралиев қатысу нәтижесінде жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, қалалық/аудандық жас сайлаушылар клубының төрағаларына алдағы сайлау науқандырында белсенділік танытып, әлеуемттік желідегі белсенділіктерін көтеріп, жас сайлаушылар клубы туралы ақпараттарды кеңінен тарату туралы ұсыныс білдірді.
Күн тәртібіне сәйкес, Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары А. Сейдеходжаеваның және Сарысу аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Ж. Қыстаубаеваның 2026 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Т. Жамалов отырысты қорытындылап, қатысушыларға жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және сайлау науқандары кезінде белсенді қатысуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде нұсқаулық берді.
Сонымен қатар, жастар арасында ашық диалог алаңдарын көбірек қалыптастырып, клубтардың жұмысын одан әрі жандандыру және жастармен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін айтып өтті.
Отырыс соңында қатысушылар ұсыныстарын айтып, мемлекет басшысының жастарға артқан сенімін ақтау жолында бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.