«Берекелі отбасы – ел болашағының кепілі»

«Берекелі отбасы – ел болашағының кепілі»

Отбасы күні – ұлттың ұйытқысы саналатын отбасы құндылықтарын дәріптейтін, шаңырақтың маңызын айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, ұрпақтар сабақтастығын, бірлік пен мейірімділікті насихаттайтын тағылымы мол мереке.

Осы айтулы мерекеге орай барша аудан тұрғындарын Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, мемлекет тұрақтылығының берік негізі. Әрбір жанұя – ұлттық тәрбиенің, адамгершілік пен ізгіліктің қайнар көзі. Қазақ халқы қашанда отбасы құндылығын жоғары бағалап, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-анаға қамқор болу секілді асыл қасиеттер отбасынан бастау алады.

Бүгінде берекелі отбасы – ел болашағының кепілі. Татулық пен түсіністік орнаған шаңырақта тәрбиеленген ұрпақ ел дамуына өз үлесін қосатын саналы азамат болып қалыптасады. Сондықтан отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отбасылық тәрбиені насихаттау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Әр шаңырақта шаттық пен қуаныш салтанат құрып, ынтымақ пен бірлік арта берсін. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке және баянды бақыт тілейміз. Балаларыңыздың қызығын көріп, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!

Отбасы күні құтты болсын!