
Мойынқұм ауданында «Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың кепілі» тақырыбында консультациялық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың өз құқықтарын білуі мен оларды қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнамалар кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелерге қатысты нақты мысалдар келтіріліп, оларды шешу жолдары түсіндірілді.
Іс-шара аясында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан нақты кеңестер алды.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық білімін арттыруға, заң талаптарын дұрыс түсінуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға оң ықпал етеді.