
Бүгін Мойынқұм ауданында аудан әкімінің орынбасары М.Б. Төлеулиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, «Отбасы қолдау орталығының» 2026 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Баяндама барысында орталық тарапынан жүргізілген әлеуметтік қолдау шаралары, тұрмыстық қиын жағдайға тап болған отбасылармен жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы атқарылған іс-шаралар кеңінен қамтылды.
Комиссия отырысында отбасы институтын нығайту, әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың тиімділігі жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, мүдделі мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту, отбасы мен балаға қатысты мәселелерді ерте анықтау және дер кезінде қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру қажеттігі атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы кезеңге арналған бірқатар басым бағыттар айқындалды. Берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.