
Қазақстан халқы елдің болашағын айқындайтын тарихи қадам жасады. Миллиондаған азамат бірлік пен жауапкершілік танытып, жаңа Конституцияны қолдады. Бұл – мемлекет дамуының жаңа кезеңін бастап, қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне берік негіз қалаған маңызды шешім.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңа Конституция – халықтың еркін білдіретін, демократиялық құндылықтарды нығайтатын және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған басты заң. Ол елдің саяси жүйесін жетілдіріп, басқару тетіктерін жаңғыртуға жол ашады.
Ата заңдағы өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді күшейтіп, әділетті әрі ашық Қазақстанды құруға бағытталған. Бұл құжат – ел игілігі үшін қызмет ететін, халық мүддесін басты орынға қоятын стратегиялық бағдар.
Бүгінде баршамыз ортақ мақсат жолында жұмылып, қуатты әрі дамыған Қазақстанды бірге құрып жатырмыз. Жаңа Конституция – осы жолдағы берік тірегіміз.