
2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасына арналған республикалық референдум өтуде. Бұл маңызды саяси науқанға Мойынқұм ауданының тұрғындары белсенді түрде қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасауда.
Мойынқұм ауылында орналасқан №483 учаскелік референдум комиссиясында да дауыс беру үдерісі ұйымдасқан түрде өтуде. Таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастаған учаскеге ауыл тұрғындары ерте келіп, белсенділік танытуда. Дауыс берушілер белгіленген тәртіпке сәйкес тіркеуден өтіп, бюллетеньдерін алып, өз таңдауларын жасауда.
Учаскеде дауыс берушілерге барлық қажетті жағдай жасалған. Комиссия мүшелері өз міндеттерін заң талаптарына сәйкес атқарып, дауыс беру үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар учаскеде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары сақталуда.
Ауыл тұрғындары референдумға белсенді қатысып, мемлекет үшін маңызды саяси оқиғаға бейжай қарамайтындарын көрсетуде. Әсіресе аға буын өкілдері мен жастардың белсенділігі ерекше байқалады. Бұл – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Референдум – халықтың өз еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруі мемлекет дамуының маңызды кезеңінде үлкен маңызға ие.
Бүгінде Мойынқұм ауданы бойынша барлық референдум учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеп, тұрғындардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.