Аудан ақсақалдары мен ардақты әжелері референдумға белсенді қатысуда

Аудан ақсақалдары мен ардақты әжелері референдумға белсенді қатысуда

2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасына арналған республикалық референдум өтуде. Маңызды саяси науқанға Мойынқұм ауданының тұрғындары белсенді түрде қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасауда.

Ауданымыздың ақсақалды аталары мен аяулы әжелері де бұл маңызды оқиғадан шет қалмай, референдум учаскелеріне арнайы келіп, өздерінің азаматтық борыштарын орындауда. Көпті көрген қариялар елдің ертеңіне бейжай қарамай, жас ұрпаққа үлгі боларлықтай азаматтық белсенділік танытып отыр.

Ақсақалдар мен әжелердің референдумға келіп дауыс беруі – олардың ел тағдырына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Бұл – қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың, сондай-ақ мемлекет болашағына деген сенімнің белгісі. Қарияларымыздың белсенділігі жас буынды ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамауға үндейді.

Бүгінде Мойынқұм ауданы бойынша барлық референдум учаскелері белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеуде. Дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауларын жасауына барлық жағдай жасалған.

Аудан тұрғындары, оның ішінде ардақты ақсақалдар мен әжелер, референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын тағы бір мәрте дәлелдеуде. Бұл – халықтың бірлігі мен азаматтық жауапкершілігінің жарқын көрінісі.