90 жастағы ардагер кейуана референдумда өз таңдауын жасады

90 жастағы ардагер кейуана референдумда өз таңдауын жасады

2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасының Конституциялық реформасына арналған республикалық референдум өтуде. Бұл маңызды саяси науқанға Мойынқұм ауданының тұрғындары белсенді түрде қатысуда.

Ақсүйек ауылдық округінің тұрақты тұрғыны, 90 жастағы ардагер кейуана №327 референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Ел болашағына бейжай қарамайтын ардагер дауыс беру арқылы азаматтық борышын орындап, жастарға үлгі көрсетті.

Қазыналы қарияның референдумға келіп дауыс беруі – ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Бұл – әрбір азаматтың мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге қатысуының маңызын көрсететін өнегелі іс.

Бүгінде Мойынқұм ауданы бойынша барлық референдум учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеп, тұрғындардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.