Мойынқұм ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Мойынқұм ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері тыңдалып, олардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері қаралды.

Жеке қабылдауға келген аудан тұрғындары негізінен жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі, жастар тәрбиесі, сондай-ақ ауданда спорт кешенін салу сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз ойларын ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Азаматтарды қабылдау барысында аудан әкімінің тиісті салаларға жетекшілік ететін орынбасарлары, аудандық бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысып, көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір өтініш пен ұсыныс мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес нақты жауаптар берілді.

Қабылдау барысында бірқатар мәселелер сол жерде шешімін тапса, кейбір күрделі сұрақтар бақылауға алынып, оларды шешудің заң аясындағы жолдары қарастырылатыны айтылды. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы орындау қажеттігі атап өтілді.

Аудан әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдау, олардың өтініштері мен ұсыныстарын ескеру жергілікті атқарушы органдар жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ мұндай жеке қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.