Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы түсіндірілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы түсіндірілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру және оның маңыздылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Көктерек ормандары және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесінің ұжымымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияның жаңа редакциясында қарастырылған тұжырымдамалық өзгерістер мен негізгі басымдықтар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, реформаның басты бағыттары ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамдағы әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының ел дамуына ықпалы, демократиялық институттарды нығайтудағы рөлі, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті арттырудағы маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар қатысушыларға жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның ел болашағына, азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуына бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Ұжым тарапынан қойылған сауалдарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, қатысушылар арасында өзара пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Шара соңында мекеме қызметкерлері 15 наурыз күні өтетін жалпыұлттық референдумға белсенді қатысуға шақырылып, ел болашағы үшін маңызды тарихи шешімге қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді.