Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы түсіндірілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы түсіндірілді

Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында аудандық саз мектебінің ұжымымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – қоғамда талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын жеткізу және азаматтардың пікірін тыңдау болды.

Жиын барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту және елдің тұрақты дамуына бағытталған маңызды бастамалар қарастырылғаны айтылды.

Кездесу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар туралы толық ақпарат беріліп, олардың ел дамуына тигізер ықпалы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ұжым мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Жиын еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғам үшін аса маңызды құжат екенін атап өтті. Олар ел болашағына бағытталған бастамаларға қолдау білдіріп, мұндай түсіндіру кездесулерінің маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында жаңа Конституция жобасы еліміздің одан әрі дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат екені ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ жиынға қатысушыларды жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға шақырып, әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз пікірін білдіруінің маңызы зор екені жеткізілді.