Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті

Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес ұйымдастырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ тиісті сала өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне енгізілген негізгі мәселелердің бірі – республикалық референдумға дайындық барысы болды. Жауапты тұлғалар ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, учаскелердің дайындық деңгейі және заң талаптарының сақталуы туралы баяндады. Аудан әкімі сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында нақты міндеттер жүктеді.

Сонымен қатар, елді мекендерді көктемгі көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары талқыланды. Көктемгі екі айлық аясында атқарылатын шаралар жоспары нақтыланып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, ағаш отырғызу, тұрғындардың белсенділігін арттыру бағытында тапсырмалар берілді. Бұл ретте санитарлық талаптардың сақталуы мен ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кеңесте агроөнеркәсіп саласы бойынша 2026 жылға бекітілген жылдық жоспардың орындалу барысы да қаралды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы, мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану және өндіріс көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар сараланды. Сала мамандарына жоспарлы көрсеткіштердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы атқарылатын алдын алу шаралары бойынша ветеринариялық және санитарлық қызметтердің дайындығы талқыланды. Аурудың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, малды уақытылы өңдеу және эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау міндеттері белгіленді.

Көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы да назардан тыс қалған жоқ. Жауапты бөлімдерге шақырылушылармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын күшейту, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұдан бөлек, наурыз айында өтетін мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселесі қаралды. Іс-шаралардың мазмұндық сапасына, қауіпсіздік шараларына және тұрғындардың кеңінен қатысуына ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылау жауапты тұлғаларға жүктелетінін атап өтті.