Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті

Астанада жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған концерт өтті

Астана қаласындағы Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған ауқымды концерт ұйымдастырылды.

Шара «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қызметі аясында өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қоғам өкілдерін алдағы референдумның маңыздылығы жөнінде ақпараттандыру және конституциялық реформалардың мазмұнын кеңінен түсіндіру.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке 5 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында жастар, азаматтық қоғам белсенділері, қала тұрғындары мен сауда орталығының келушілері болды.

Мерекелік кеш барысында танымал отандық эстрада жұлдыздары – Маржан Арапбаева, Бәйтерек тобы, Еркеш Хасен, Мәди Сыздықов, Жошы тобы, Зарина Божакова және Мирас Жүгінісов өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар концертке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес пен жалпыұлттық коалиция штабының мүшелері қатысты. Олар көпшілік алдында сөз сөйлеп, Ата Заңның жаңа жобасында көзделген негізгі реформаларға тоқталды. Спикерлер ұсынылып отырған өзгерістердің құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға, қоғамдық бірлікті нығайтуға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Іс-шара қоғамның кең қолдауын білдіріп, референдумның тарихи маңызын тағы бір мәрте айқындады.