Жамбыл Жабаевқа құрмет: Мойынқұм ауданында гүл қою рәсімі өтті

Жамбыл Жабаевқа құрмет: Мойынқұм ауданында гүл қою рәсімі өтті

Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылында ұлы ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа тағзым ету мақсатында салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара ауылдық әкімдік аумағында орналасқан ақын ескерткіші алдында ұйымдастырылды.

Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Жиналған қауым ұлы тұлғаның рухына құрмет көрсетіп, оның қазақ халқының тарихы мен руханиятындағы айрықша орнын атап өтті.

Рәсім барысында сөз алған қатысушылар Жамбыл Жабаевтың өнегелі өмір жолы мен бай әдеби мұрасына тоқталып, ақын шығармашылығының ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын ерекше атап өтті.

Ұлт руханиятының биік тұлғасы саналатын Жамбыл бабаның мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін тағылымы терең, елдік пен бірліктің жарқын үлгісі. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас буынның тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған жұмыстардың жалғасы болып табылады.