Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған аудандық зияткерлік сайыс өтті

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған аудандық зияткерлік сайыс өтті

Жыр алыбы, қазақ халқының рухани мұрасының жарқын өкілі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Жамбыл мектеп-гимназиясында аудандық зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Іс-шара Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткізілді.

Зияткерлік додаға аудан мектептерінің оқушылары мен педагогтері қатысып, бір команда құрамында бірнеше кезең бойынша бақ сынасты. Қатысушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдамдықтарын көрсетіп, тарихи-әдеби тақырыптар төңірегінде сұрақтарға жауап берді. Сайыс мазмұны ұлт тарихы мен әдебиетіне негізделіп, жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңейтуге бағытталды.

Шара аясында жыр алыбының ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілді. Бұл тағылымды іс-шара ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға арналды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай танымдық шаралар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Жамбыл мұрасы – ұлттық рухтың темірқазығы. Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.