Аудандық орталық аурухана ұжымымен Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Аудандық орталық аурухана ұжымымен Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Мойынқұм ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда аудандық орталық аурухана ұжымымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, медицина саласы қызметкерлеріне Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен таныстырылды.

Кездесудің басты мақсаты – Конституция жобасында көзделген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнын денсаулық сақтау саласы мамандарына жан-жақты түсіндіру, олардың ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңызын жеткізу және реформаларға қатысты пікір алмасу алаңын қалыптастыру болды.

Жиын барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормаларға ерекше тоқталды. Сонымен қатар әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты конституциялық деңгейдегі бастамалар кеңінен баяндалды. Денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларды дамыту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту көзделетіні атап өтілді.

Медицина қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының мазмұны, оның қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі жан-жақты түсіндірілді. Конституциялық реформалардың басты мақсаты – әділетті, құқықтық және әлеуметтік мемлекет қағидаттарын нығайту екендігі айтылды.

Кездесу барысында аурухана ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер бойынша ойларымен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен жиын сындарлы пікір алмасуға негіз болды.

Алдағы уақытта да аудан көлемінде түрлі еңбек ұжымдарымен Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы кездесулер жалғасын табатын болады. Бұл жұмыстар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік реформаларға белсенді қатысуына ықпал етеді.