Жаңа Конституция жобасы: мәдениет саласы өкілдерімен ашық кездесу өтті

Жаңа Конституция жобасы: мәдениет саласы өкілдерімен ашық кездесу өтті

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен насихаттау және оның мазмұнын қоғамға түсіндіру мақсатында аудандық мәдениет үйінде мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға мәдениет саласының қызметкерлері, аудандық мемлекеттік қазынашылық бөлімінің мамандары, сондай-ақ қоғам өкілдері мен жастар қатысты.

Кездесу барысында депутат, аудандық кітапхана мекемесінің басшысы Ғалия Шубаева және «Мойынқұм медиа орталығының» басшысы Айдос Қосыбай Конституция жобасында ұсынылып отырған негізгі бағыттар мен өзгерістерге жан-жақты тоқталды. Спикерлер реформалардың басты мақсаты – елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру екенін атап өтті.

Жиында Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның әлеуметтік, мәдени және қоғамдық өмірге ықпалы туралы нақты мысалдар келтірілді. Әсіресе, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың белсенді ұстанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, ұсынылған өзгерістердің мәні кеңінен талқыланды.

Аталған шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және Конституция жобасына қатысты жан-жақты ақпарат беру. Өйткені ел дамуы – әр азаматтың саналы таңдауы мен белсенді қатысуына тікелей байланысты.