Музей ұжымымен Конституциялық реформа бойынша кездесу өтті

Музей ұжымымен Конституциялық реформа бойынша кездесу өтті

Мойынқұм ауданы аумағында Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кездесу Мойынқұм ауылындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы музей ұжымымен өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Төлеулиев қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында конституциялық реформаның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғам өмірінің барлық саласында әділеттілік қағидаттарын орнықтыру екені атап өтілді. Сонымен қатар, енгізілетін өзгерістердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және институционалдық жаңғыруға қосатын үлесі кеңінен талқыланды.

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтарға ерекше назар аударылып, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері айтылды. Бұл бағыттағы реформалар азаматтық қоғамның рөлін арттыруға және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталғаны жеткізілді.

Кездесу еркін форматта өтіп, музей қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қойылған сауалдарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, ұсыныстар назарға алынды.

Жалпы, аталған кездесу конституциялық реформаның мазмұнын терең түсіндіруге және мәдениет саласы қызметкерлерімен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік берді.