Қарабөгет ауылдық округінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

Қарабөгет ауылдық округінде Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында Қарабөгет ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұнын кеңінен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру және азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау болды.

Кездесуге ауданнан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері мен арнайы спикерлер қатысып, Конституцияның жаңа жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі демократияландыру, билік тармақтарының теңгерімі мен жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Спикерлер жаңа жобаның ел дамуының стратегиялық бағыттарына сай әзірленгенін, оның басты мақсаты – Әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, заң үстемдігін нығайту, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыру, азаматтық белсенділікті қолдау бағытында енгізілетін нормалардың маңызына ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар тарапынан белсенділік байқалып, ел болашағына қатысты маңызды құжатты талқылауға қызығушылық жоғары болды. Барлық қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныстар назарға алынатыны жеткізілді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіру және қоғаммен тиімді кері байланыс орнату.

 Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары аудан аумағында кезең-кезеңімен жалғасуда.