
Көкжелек ауылында Бурыл-Байтал орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа аясында сырласу форматындағы кездесу ұйымдастырылды. Аталған жиынның мақсаты – ел дамуының жаңа кезеңіндегі маңызды өзгерістерді түсіндіру, реформаның мазмұны мен мәнін кеңінен талқылау және сала қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.
Іс-шараға ауданнан құрылған комиссиялық топ мүшелері мен арнайы спикерлер қатысты. Кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен басымдықтарына жан-жақты тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтудегі рөлі кеңінен түсіндірілді.
Спикерлер реформаның басты қағидаттары ретінде әділеттілік, ашықтық, есеп берушілік және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы нақты ақпарат берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Орман шаруашылығы саласының қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қатысушылар тарапынан белсенділік танытылып, реформаның практикалық маңызы, оның өңірлік деңгейде жүзеге асырылуы жөнінде пікір алмасу болды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – конституциялық реформаның мазмұнын әрбір азаматқа жан-жақты әрі түсінікті түрде жеткізу, қоғаммен тиімді кері байланыс орнату және тұрғындардың ұсыныстарын ескеру болып табылады.
Түсіндіру жұмыстары аудан көлемінде жүйелі түрде жалғасуда.